Спорт

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Сурет: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маман Джон ван ’т Схиптің ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Джон ван ’т Схип футболшы ретінде Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында ойнаған. Ол сондай-ақ Нидерланд құрамасының сапында өнер көрсетіп, 1988 жылы Еуропа чемпионы атанған.

Жаттықтырушылық мансабын «Аякс» жүйесінде бастаған маман кейін амстердамдық клубтың бас бапкері болды. Одан бөлек, ол «Твенте», «Зволле», мексикалық «Гвадалахара» және австралиялық «Мельбурн Сити» командаларын жаттықтырды.

2016 жылы Джон ван ’т Схип «Мельбурн Ситимен» бірге Аустралия кубогін жеңіп алды. Халықаралық деңгейде ол Грекия мен Армения ұлттық құрамаларын басқарған.

Еске сала кетейік, 22 маусымда ҚФФ Талғат Байсуфиновтың ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлаған болатын.

Көп оқылғандар