Шартарап

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Сурет: ЖИ

Көлік министрлігі әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. Ұсынылған түзетулердің ішінде музыкалық аспаптарды тасымалдау тәртібіне қатысты тармақтар да бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жобаға сәйкес, белгіленген талаптар сақталса, оларды қол жүгі ретінде, жеке жолаушы орнына орналастырып немесе тіркелген багаж ретінде тасымалдауға болады. Сонымен қатар, қорғаныш қаптамасына салынған домбыра мен қобызды ұшақ салонында алып жүруге рұқсат беру ұсынылады. Алайда олардың өлшемі 110×35×30 см-ден, ал салмағы 10 келіден аспауы керек.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталына орналастырылған. Жария талқылау 27 шілдеге дейін жалғасады.

Көп оқылғандар