Сурет: ТСМ
Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көлінде өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэде ескек есу жарыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Байдаркамен 500 метр қашықтықтағы финалда Ұлттық құрама спортшысы Дмитрий Холмогоров үшінші орынды иеленіп, қола медальға қол жеткізді. Оның уақыты – 1:44.453 секунд.
Бұл сайыста Өзбекстан спортшысы алтын медаль жеңіп алды, ал Оңтүстік Корея өкілі мәреге екінші болып келді.
Бұған дейін байдаркамен 500 метрге жарыста отандасымыз Стелла Суханова ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.
