Спорт

Диёра Келдиёрова Ақтаудағы Азия кубогына қатысады

Сурет: ашық дереккөзден

Дзюдодан Олимпиада чемпионы өзбекстандық Диёра Келдиёрова ұзақ үзілістен кейін татамиге қайта оралмақ. Ол Ақтауда өтетін Азияның ашық кубогына өтінім берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

28 жастағы спортшы 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдеседі. Келдиёрова соңғы рет 2024 жылғы 28 шілдеде Париж Олимпиадасында татамиге шығып, алтын медаль жеңіп алған болатын.

Олимпиада жеңісінен кейін ол ұзақ үзіліс алып, ана атанды. 2026 жылдың көктемінде толыққанды жаттығу жұмыстарына қайта кірісті.

Азияның ашық кубогы 17-18 қазан күндері Ақтау қаласында өтеді. Оған дейін 4-11 қазан аралығында Бакуде әлем чемпионаты ұйымдастырылады.

Осылайша, Қазақстандағы турнир Келдиёрова үшін 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі алғашқы ресми жарыс болмақ.

Естеріңізге салайық, Грузияның Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақ спортшысы Альфия Тлекқабыл J2 класында -52 кг салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде бразиялық Де Андрадені иппонмен ұтып, чемпион атанған болатын.

Көп оқылғандар