Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық UFC файтері Дияр Нұрғожай соңғы жекпе-жегіндегі нокауты үшін ұйымның арнайы бонусына ие болды. Ол 25 мың АҚШ доллары, яғни шамамен 11,6 млн теңге алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін спортшы UFC Fight Night 284 турнирінде бразилиялық Бруно Лопесті нокаутқа жіберді. Жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатындағы Энтерпрайз қаласындағы Meta Apex аренасында өтті.
Осы жеңісі үшін Дияр Нұрғожай UFC тарапынан 25 мың АҚШ доллары көлемінде бонус алады, бұл шамамен 11,6 млн теңгеге тең. Қазақ файтер жекпе-жектің соңғы секундында қарсыласын нокаутқа түсіріп, әсерлі жеңіске жетті. Нұрғожайдың бұл жеңісі UFC-дегі кезекті маңызды нәтижесі саналады.
Мазмұнға өту
