Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық балуан Дияр Аманәлі Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласын ұтып, алтын медаль алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Финалдық кездесуде Дияр Аманәлі Мажарстаннан келген Кеве Ковачпен белдесіп, жеңіске жетті. Осылайша, ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанып, ел қоржынына маңызды жүлдені салды.
Мазмұнға өту
