Сурет: dimashnews.com
30 шілде күні Жапониядағы Kiryu FM радиостанциясы Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған Music Forever бағдарламасының арнайы шығарылымын ұсынады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Арнайы эфирдің басты жаңалығы – әншінің «Aqerke» атты жаңа композициясы Kiryu FM радиосының эфирінде алғаш рет шырқалмақ.
Радиостанция 2020 жылдан бері жапон тыңдармандарына Димаштың шығармашылығын тұрақты түрде таныстырып келеді. Осы уақыт ішінде оның жаңа әндері эфирге шығып, өнеріне арналған бірнеше арнайы бағдарлама ұйымдастырылған.
Кезекті Dimash Special шығарылымы Dimash Japan Fan Club жанкүйерлер клубының қатысуымен әзірленді. Бағдарлама барысында Aqerke әнімен қатар Love’s Not Over Yet, Kieli Meken, Love of Tired Swans, Daididau, Omir және Olimpico композициялары да тыңдарманға жол тартады.
Мазмұнға өту
