Сурет: Видеодан скринделген
Димаш Құдайбергеннің «Aqerke» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны әншінің ресми YouTube арнасында жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Лирикалық туындыда сағыныш пен қоштасу сезімі арқау болғанымен, бейнебаянның негізгі идеясы туған жерге деген сүйіспеншілікпен астасады. Клипте Қазақстанның көркем табиғаты, түрлі буын өкілдері мен қарапайым тұрғындардың өмірінен алынған әсерлі көріністер бейнеленген.
Бейнебаянның бірқатар эпизоды әншінің туған қаласы – Ақтөбеде түсірілген. Сонымен қатар бейнебаянда ауқымды қойылымдар мен заманауи технологиялар пайдаланылып, жасанды интеллект элементтері қолданылған.
Жаңа бейнебаян әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандардың жоғары бағасына ие болды. Желі қолданушылары әншінің вокалдық шеберлігімен қатар, сахнадағы пластикасы мен актерлік өнеріне де оң пікір білдіріп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің «Aqerke» әні Жапония радиосының эфирінде шырқалды.
Мазмұнға өту
