Categories Көңіл ашар

Давид Лория «Жеңіс» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды

Сурет: kff.kz

Давид Лория «Жеңіс» футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Лория – клуб түлегі және «Жеңіс» сапында Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған. Елордалық футбол клубының мәліметінше, дәл осы Давид Григорийұлының тікелей қатысуымен 2021 жылы клубтың қайта жаңғыруы басталған. Ол бас директор лауазымында Айдын Қожахметті алмастырады, ал Қожахмет клуб құрылымында атқарушы директор ретінде жұмысын жалғастырады.

Бір жылдай бұрын «Жеңіс» футбол командасының 19 жастағы ойыншысы қайтыс болғанын еске сала кетейік.

Ұқсас жазбалар

Нобель сыйлығының иегері Мо Янь Астанаға келді

Астанаға әйгілі қытайлық жазушы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янь келді. Қаламгер Ұлттық академиялық кітапханада оқырмандармен…

Қытайдың үш қаласында қайыр сұрайтын роботтар пайда болды

Қытайдың Бейжің, Чэнду және Фучжоу қалаларында көшеде садақа сұрайтын роботтар пайда болды. Гуманоидтардың ерекше әрекеті…

Астанада мәнерлеп сырғанаудан ел тарихындағы ең ірі турнир өтеді

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын Астана қаласы қабылдайтынын ресми…