Сурет: Instagram/blueseasondaily
Лондондық «Челси» Джакартада өткен жолдастық ойында италиялық «Миланды» 3:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде «Челси» шабуылшысы Жоау Педро дубль жасап, есеп ашты. Үшінші голды жартылай қорғаушы Мойсес Кайседо соқты.
Қазақстан құрамасы мен «Челси» ойыншысы Дастан Сатпаев матчқа өтінімге енгенімен, алаңға шықпады. Ол кездесуді қосалқы құрамда өткізді.
Дастан Сәтпаев ресми түрде 2026 жылғы 12 тамызда, 18 жасқа толған күні «Челси» ойыншысы атанады. Қазір маусым алдындағы турнеде ол 36-нөмірмен өнер көрсетіп жүр.
Мазмұнға өту
