Спорт

Дастан Сәтпаевтың келесі ойыны қашан өтетіні белгілі болды

Сурет: Threads/burnley_official

Чемпионшиптің төртінші турында «Бернли» өз алаңында «Мидлсброны» қабылдайды. Кездесу 3 қыркүйекке қараған түні «Терф Мур» стадионында өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Матч Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. Бернли әзірге ойынға шығатын негізгі құрамын жарияламады.

Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында осы уақытқа дейін үш матч өткізіп, командаластары арасында үздік ойын өрнегін көрсетті.

«Бернли» чемпионаттың үш турында қоржынға бір ұпай салды. Команда соңғы ойынында сырт алаңда «Норвичтен» 1:4 есебімен жеңілді. Ал «Мидлсбро» үш турдан алты ұпай жинаған. Клуб бұған дейін «Вест Бромвичті» 3:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, өткен маусымда «Бернли» Премьер-лигада өнер көрсетті. Сол себепті екі команда чемпионатта кездеспеді. Клубтар соңғы рет 2024/25 маусымында Чемпионшипте жолығып, екі ойын да тең нәтижемен аяқталған.

Еске салайық, 14 тамызда Дастан Сәтпаев ресми түрде «Челси» құрамына еніп, «Бернли» клубына жалға берілді. Ал 23 тамызда қазіргі командасында дебют жасады.

Көп оқылғандар