Сурет: Сhelsea FC
«Челсидің» Аустралиядағы маусымалды дайындығы кезінде Дастан Сәтпаев жерлестерінің қолдауына ие болды. Бұл туралы британдық журналист Низар Кинселла X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Журналистің айтуынша, Сиднейдегі ашық жаттығуға Дастан Сәтпаевты қолдауға келген қазақ жанкүйерлерінің саны көп болған.
«Мұнда Сәтпаевты қолдау үшін келген жанкүйерлер өте көп. Ол қазірдің өзінде үлкен тұлға», – деп жазды журналист.
Дастан Сәтпаев «Челсиде» 36-шы нөмірмен өнер көрсетеді. Ол «Челсидің» Аустралия мен Азиядағы маусымалды турнесіне қатысатын құрамға енгізілген.
Турне аясында лондондық клуб 28 шілдеде «Уестерн Сидней Уондерерске», ал 1 тамызда «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық матч өткізеді.
Мазмұнға өту
