Спорт

Дастан Сәтпаев «Челсиде» Хаби Алонсо басқарған алғашқы жаттығуға қатысты

Сурет: Chelsea FC

Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді. Клубтың баспасөз қызметі жаңа бас бапкер Хаби Алонсо жаттықтырған алғашқы сабақтан фотосуреттер жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан 17 жастағы Дастан Сәтпаевты көруге болады. Жаттығуға клуб жұлдызы Коул Палмер, Жоау Педру, Эстевао Виллиан, Эммануэль Эмега және жаңа ойыншы Жеовани Кенда қатысты.

«Челси» мәліметінше, команда ыстық ауа райына қарамастан алаңға шығып, дене дайындығы мен доппен жұмыс істеуге бағытталған жаттығуларды орындаған.

Дастан Сәтпаев Кобхэмдегі жаттығу базасына 1 шілдеде келіп, маусымалды дайындықты ерте бастаған. Жуырда «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев Дастан Сәтпаевпен кездесіп, оның жақсы физикалық дайындықта екенін атап өткен еді.

Бұған дейін «Челси» мен «Страсбург» клубтарына таланттарды іріктеуге маманданған Otu lala X парақшасы футболшыны Францияға аттануы мүмкін үміткерлер қатарына қосқан болатын. Оның болашағына қатысты маңызды шешім маусым алдындағы дайындықтың нәтижесіне байланысты болмақ.

Көп оқылғандар