Спорт

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы үшінші ойынын өткізді

Сурет: Instagram/blueseasondaily

Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челси» клубының маусым алдындағы дайындық кезіндегі кезекті жолдастық матчына қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Гонконгтағы «Кай Так» стадионында өткен кездесуде «Челси» Италияның «Ювентусымен» кездесті. Ойынның 65-минутында бас бапкер Хаби Алонсо бірден жеті ойыншыны ауыстырды. Дастан Сәтбаев Джейми Гиттенстің орнына алаңға шықты.

Матчтың 68-минутында «Ювентус» есеп ашты. Италиялық клуб сапынан Косово құрамасының шабуылшысы Эдон Жегрова мергендік танытып, өз командасын алға шығарды.

Сәтпаев бұған дейін «Челсидің» маусымалды турнесіндегі екі матчқа қатысқан. Ол «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуде негізгі құрамда алаңға шығып, лондондық клуб сапындағы алғашқы голын соқты.

Ал «Тоттенхэмге» қарсы ойында екінші таймда алаңға шыққанымен, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Кездесуде «Челси» 2:1 есебімен есе жіберді.

Дастан Сәтпаев ресми түрде 2026 жылғы 12 тамызда, 18 жасқа толған күні «Челси» ойыншысы атанады. Қазір маусым алдындағы турне асында ол ағылшындық клуб сапында 36-нөмірмен өнер көрсетіп жүр.

Көп оқылғандар