Сурет: Instagram/Blue Season Daily
Лондондық «Челси» осы аптада Хаби Алонсо басқаруымен маусым алдындағы алғашқы жолдастық кездесуін өткізеді. Жабық форматтағы бұл ойында қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев алаңға шығуы ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Chelsea Mail» фан-парақшасының дерегінше, ағылшын клубы сенбі күні «Кроули Таунмен», ал келесі бейсенбіде «Бромлимен» жолдастық матч өткізеді. Осы ойындардың бірінде ұлттық құрама шабуылшысы «Челси» сапында тұңғыш рет ойнауы мүмкін.
Одан кейін «Челси» Австралияға жол тартады. Онда команда ашық жаттығу өткізіп, «Вестерн Сидней Уондерерс» және «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық кездесулерге қатысады.
Бұған дейін «Челси» мен «Страсбургке» таланттарды іріктейтін Otu lala X парақшасы Сәтпаевты Францияға кетуі мүмкін үміткерлер тізіміне енгізген еді. Қазіргі уақытта ұлттық құрама шабуылшысы Хаби Алонсо жетекшілігімен «Челсидің» жаттығу жиындарына қатысып жүр.
Мазмұнға өту
