Сурет: Instagram/Blue Season Daily
Лондондық «Челси» 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты сатуды жоспарламай, оны командада қалдыруды шешті. Бұл туралы ағылшын клубының Blueseasondaily фан-парақшасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөздің айтуынша, Сәтпаев клубтың ұзақ мерзімді жоспарының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Жазбада: «Алдағы маусымда оның нақты қандай рөл атқаратыны әзірге анықталған жоқ. Алайда клуб оны сатуға шығармайды», делінген.
Бұған дейін «Челси» мен «Страсбург» клубтарына таланттарды іріктеуге маманданған Otu lala X парақшасы Сәтпаевты Францияға ауысуы мүмкін үміткерлер қатарына қосқан еді.
Ұлттық құрама шабуылшысы «Челсидің» жаттығу жиындарында алғашқы ойынын өткізіп, Аустралия мен Азиядағы маусымалды турнеге қатысатын құрамға енгізілді. Турне аясында лондондық клуб 28 шілдеде «Уестерн Сидней Уондерерске», ал 1 тамызда «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық матч өткізеді. Дастан Сәтпаев «Уестерн Сидней Уондерерске» қарсы матчта алғашқы ойындардан бастап алаңға шығады.
Мазмұнға өту
