Спорт

Дастан Сәтпаев бүгін «Тоттенхэмге» қарсы ойнауы мүмкін

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бүгін, 1 тамызда, Лондонның «Челси» және «Тоттенхэм» клубтары жолдастық матч өткізеді. Кездесуде қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың алаңға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ойын Австралияның Сидней қаласындағы «Аккор» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 14:45-те басталады.

АПЛ-дің ресми парақшасы Дастан Сәтпаевтың ойынына жоғары баға берді.

Еске салайық, 28 шілдеде «Челси» Сиднейде өткен жолдастық кездесуде австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңген болатын. Сол матчта 17 жастағы Дастан Сәтпаев алғашқы голды соғып, көзге түсті.

Дастан Сәтпаев FC 27 ойынына енгізілді.

Бұл кездесу Сәтпаев үшін «Челси» сапындағы алғашқы негізгі құрамдағы ойын болды. Бұған дейін алматылық «Қайраттың» түлегі жабық форматтағы бақылау матчтарында «Кроули Таун» (3:1) және «Бромлиге» (3:0) қарсы кездесулерде екінші таймда алаңға шыққан еді.

Көп оқылғандар