Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Англияның «Бернли» клубына жалға берілуі мүмкін. Бұл туралы BBC Sport хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
18 жасқа толған футболшы жаңа командасының «Терф Мур» стадионына барып, медициналық тексеруден өтуі тиіс. BBC Sport мәліметінше, Сәтпаев қазірдің өзінде стадионға келген.
Ойыншының ауысуы жексенбі күні «Вест Хэмге» қарсы матчқа дейін рәсімделеді деп күтілуде.
«Сәрсенбіде Сәтпаев 18 жасқа толды. Сол күні ол «Челсимен» алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімшартты тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған», деп жазады BBC.
Айта кетейік, «Бернли» Англияның кәсіби футбол клубы. Қазіргі уақытта клуб Англия футбол лигалары жүйесіндегі екінші деңгейлі дивизион Чемпионшипте өнер көрсетеді.
Мазмұнға өту
