Сурет: Burnley FC
Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернлидің» негізгі командасымен бірге Чемпионшиптің екінші турындағы «Вест Бромвичке» қарсы матчқа дайындалуда. Бүгін ол «Бернли» сапында дебют жасауы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
18 жастағы футболшы кездесу алдындағы жаттығуға қатысты. «Бернли» клубы жаттығу барысынан фотосуреттер жариялады. Чемпионаттың бірінші турында «Вест Хэмге» қарсы кездесуде футболшы матчқа өтінімге енбеген еді.
«Вест Бромвич» пен «Бернли» арасындағы кездесу 23 тамызда, «Хоторнс» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.
Айта кетейік, футболшы Англияға тамыз айында, 18 жасқа толған соң ауысуы керек болған. Алайда «Челси» басшылығы оны алдын ала шақырып, Аустралиядағы маусым алдындағы дайындыққа қатыстырды. Маусым алдындағы турне аясында Сәтпаев «Челсидің» төрт жолдастық кездесуінің үшеуінде алаңға шықты. Ол «Вестерн Сиднейге» қарсы дебюттік ойынында алғашқы голын соқты. Ал 14 тамызда Дастан Сәтпаев ресми түрде «Челси» құрамына еніп, «Бёрнли» клубына жалға берілді.
Мазмұнға өту
