Спорт

Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында тұңғыш ресми ойынын өткізді

Сурет: Burnley FC

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапындағы алғашқы ресми матчын ойнады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

18 жастағы футболшы Чемпионшиптің екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы ойынның 57-минутында алаңға шықты. Ол Дж. Лоранды алмастырды. Бұған дейін Сәтпаев бірінші турдағы «Вест Хэмге» қарсы матчқа өтінімге енбеген еді.

Кездесудің бірінші таймы 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 8-минутында «Вест Бромвич» қорғаушысы Каллум Стайлз автогол соғып, «Бернли» есепте алға шықты. Алайда 18-минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Гарри Уитвелл гол соғып, есепті теңестірді.

Екінші таймда «Вест Бромвич» сапынан Айзек Прайс 46 және 65-минутта екі гол соғып, есепті 3:1-ге жеткізді. Осылайша матч алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Еске салайық, футболшы Англияға тамыз айында, 18 жасқа толған соң ауысуы тиіс еді. Алайда «Челси» басшылығы оны мерзімінен бұрын шақырып, Аустралиядағы маусым алдындағы дайындыққа қатыстырды. Турне барысында Сәтпаев «Челсидің» төрт жолдастық кездесуінің үшеуінде ойнап, «Вестерн Сиднейге» қарсы дебюттік ойынында алғашқы голын соқты. Ал 14 тамызда ол ресми түрде «Челси» құрамына қосылып, «Бернлиге» жалға берілді.

Көп оқылғандар