Ақорда

Дархан Мырзабаев өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Дархан Тілеубердіұлы Мырзабаев өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол 1989 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Мырзабаев Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Франция Республикасының мұнай және энергетика ұлттық жоғары мектебін, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы қаржы университетін және Қытай-Еуропа Халықаралық бизнес мектебін бітірген.

Еңбек жолын Алматыда «PGS Kazakhstan» ЖШС геофизик-тағылымдамашы болып бастаған. 2025 жылғы қазаннан бері Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімін басқарған.

Көп оқылғандар