Сурет: NEXTA Live
Биыл Дания королі Фредерик X-тің 19 жастағы қызы ханшайым Изабелла әскер қатарына алынды. Ол ақшалай төлемнен бас тартып, азаматтық борышын Гвардиялық гусарлар полкінде өтейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы, әскер қатарына шамамен 1,6 мың сарбаз, оның ішінде әйелдер де шақырылады. Елде Еуропадағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты әскери қызмет мерзімі 4 айдан 11 айға дейін ұзартылды.
Алғаш рет шақырылғандардың бір бөлігі Гренландияға жіберіліп, онда келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметшілерді алмастырады. Дания 2033 жылға қарай жыл сайын әскерге шақырылатындардың санын 7,5 мың адамға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны Американың бақылауына алу туралы мәлімдемесі Еуропада үлкен наразылық туғызған еді. Бірнеше елдің басшылары бұл пікірмен келіспейтінін ашық айтқан болатын.
Мазмұнға өту
