Сурет: ашық дереккөзден
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Данил Устинов қол күресі жарысында барлық қарсыласын жеңіп, чемпион атанды. Финалда ол Молдова спортшысы Даниэль Пропорчуктан басым түсті.
Бұған дейін армрестлингтен Түркістан облысының спортшылары Нұрдәулет Айдархан мен Медет Құттымұратов қарсыластарын түгел жеңіп, төрт алтын медаль иеленген еді. Ал қыздар арасында Ұлжан Оралбай екі күміс медальді Қазақстан қоржынына салды.
Сондай-ақ, бүгінгі жарыста самбошы Болат Сапар 98 келіден аса салмақта алтын жүлдеге қол жеткізді.
