Сурет: Egemen Qazaqstan
ПСЖ-дың грузиндік жұлдызы Хвича Кварацхелия Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы ең үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
УЕФА комитеті бұл шешімді Кварацхелияның турнирдегі керемет өнеріне байланысты қабылдады. Ол жартылай финалда «Реалдың» қақпасына екі гол соғып, финалда «Манчестер Ситиге» қарсы бір нәтижелі пас берді.
«Бұл – менің өмірімдегі ең үлкен жетістік. Командасыз бұл мүмкін емес еді», – деді футболшы.
Кварацхелия маусым бойы 12 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

