Шартарап

«Челсиде» 9 шабуылшы: Дастан Сәтпаевтың бәсекелестері белгілі болды

Сурет: Instagram/Blue Season Daily

Дастан Сәтпаевты «Челси» сапында үлкен бәсеке күтіп тұр. Ол ағылшын клубының шабуыл шебіндегі орын үшін 8 ойыншымен таласады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Челси» жайлы ақпарат тарататын Blue Season Daily парақшасы Сәтпаевтың бәсекелестерінің тізімін жариялады. Олардың қатарында негізгі құрам ойыншылары – Николас Джексон мен Жоау Педрумен қатар Эммануэль Эмега, Лиам Делап, Давид Фофана, Марк Гиу, Шумайра Меука және Дейвид Вашингтон бар.

«Өз орныңды тек қажырлы еңбекпен ғана жеңіп аласың», – делінген жарияланымда.

Дастан Сәтпаев Кобхэмдегі жаттығу базасына 1 шілдеде келіп, маусымалды дайындықты ерте бастаған. Жуырда «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев Дастан Сәтпаевпен кездесіп, оның жақсы физикалық дайындықта екенін атап өткен.

Бұған дейін «Челси» мен «Страсбург» клубтарына таланттарды іріктеуге маманданған Otu lala X парақшасы Сәтпаевты Францияға аттануы мүмкін үміткерлер қатарына қосқан болатын. Қазір ұлттық құрама шабуылшысы Хаби Алонсоның жетекшілігімен «Челсидің» жаттығу жиындарына қатысып жатыр.

Көп оқылғандар