Спорт

«Челси» Дастан Сәтпаевтың голын үздік деп таныды

Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Аустралияда өткен Sydney Super Cup 2026 турнирінде соққан голы жарыстың үздік голы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Аустралия лигасы «Челси» ойыншыларының жолдастық турнирде соғылған алты үздік голын іріктеп алды. Оның бесеуі «Челси» мен «Вестерн Сидней» арасындағы матчта соғылған. Сол ойында Дастан Сәтпаев ағылшын клубы сапында алғаш рет алаңға шығып, командаласының тамаша пасын пайдаланып, қақпаның «тоғыздығына» дәл бағыттады. Дәл осы гол рейтингте бірінші орынға ие болды.

Жас шабуылшының сенімді өнері «Челси» жанкүйерлерінің көңілінен шықты. Олар әлеуметтік желіде Сәтпаевқа жылы лебіздерін білдірді. Осыдан кейін отандасымыз әлеуметтік желілерде Қазақстанның ең танымал футболшысы атанды.

Еске салайық, кеше Дастан Сәтпаев «Челси» сапында маусымалды дайындық аясындағы кезекті жолдастық матчқа қатысты. Гонконгтағы «Кай Так» стадионында өткен кездесуде «Челси» Италияның «Ювентусымен» кездесті. Ойынның 65-минутында бас бапкер Хаби Алонсо бірден жеті ойыншыны ауыстырды. Дастан Сәтпаев Джейми Гиттенстің орнына алаңға шықты.

Көп оқылғандар