Сурет: Қазақстан футбол федерациясы
Лондондық «Челси» 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты француздың «Страсбург» клубына жалға бермеуі ықтимал. Команданың бас бапкері Хаби Алонсо оны негізгі құрамда қалдыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Дастан Сәтпаев жақында «Қайрат» сапында қоштасу матчын өткізді. Британдық БАҚ деректеріне сүйенсек, Хаби Алонсо оны алдымен жастар командасында сынап көруі мүмкін.
Белгілі ағылшын спорт журналисі Киран Гиллдің хабарлауынша, «Челси» жаз бойы футболшыны жан-жақты байқап көреді. Негізгі нұсқалардың бірі — «Страсбургке» жалға беру, бірақ Сәтпаев алдымен U-21 құрамында өнер көрсетуі ықтимал.
Футболшы Англияға тамыз айында, 18 жасқа толған соң ауысуы керек еді. Алайда «Челси» басшылығы оны мерзімінен бұрын шақырып, Аустралиядағы маусым алдындағы дайындыққа қатыстыру туралы шешім қабылдады.

