Спорт

Cairns Cup 2026: Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісіне жетті

Сурет: kazchess.kz

Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, көшбасшылар қатарына қосылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Төртінші турда қазақстандық шахматшы ақ фигуралармен ойнап, Швейцария сапынан өнер көрсететін бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюкті 23-жүрісте ұтты. Бұл Асаубаеваның турнирдегі алғашқы жеңісі болды.

Алғашқы үш турда отандасымыз Украина өкілі Анна Музычукпен, үндістандық Рамешбабу Вайшалимен және америкалық Элис Лимен тең ойнады.

Төрт турдан кейін Асаубаева 2,5 ұпаймен төртінші орында тұр. Турнир көшін 3,5 ұпаймен Қытайдың бұрынғы әлем чемпионы Тань Чжунъи бастап келеді.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаеваның АҚШ-та өтіп жатқан турнирде қатарынан үшінші рет тең ойнағанын хабарлаған болатынбыз. Осы турнирден кейін шахматшы 15–27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысады.

Бибісара Асаубаева алатақтадағы жетістіктерінің арқасында елдің құрметіне ие болып келеді. Ол биыл ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Награданы Мемлекет басшысының атынан Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті.

Көп оқылғандар