Әлем

Бурабайда 5 мемлекеттің жастары бас қосады: «Айбын» жиыны басталды

Сурет: Aikyn.kz

21-27 маусым аралығында Бурабай курорттық аймағында XII халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді. Биыл оған Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан командалар қатысады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жиынның мақсаты – жастардың бойына патриоттық рух сіңіріп, әскери дағдыларды жетілдіру. Қатысушылар тактикалық дайындық, атыс, альпинизм және арнайы тапсырмалар бойынша сынға түседі.

«Бұл – жастардың өзара тәжірибе алмасуына, достық байланыстарды нығайтуға үлкен мүмкіндік», – дейді ұйымдастырушылар.

Жиын аясында спорттық жарыстар мен мәдени бағдарламалар да жоспарланған. Қазақстан командасы өз өнерін көрсетуге дайын.

Көп оқылғандар