БҚО-да су тасқынына қарсы 19 бөгет салынды

Батыс Қазақстан облысында көктемі су тасқынының алдын алу мақсатында Жайық өзенінің жағалауы нығайтылып, қорғаныс бөгеттер қалпына келтіріліп жатыр.

Оның ішінде Бәйтерек ауданына қарасты Чиров ауылында өткен ғасырдың 70 жылдары салынған гидротехникалық нысан қайта жаңғыртылуда. Жоба құны 78 млн теңге.

Николай Штык Чиров селолық округінің әкімі:

— Бөгеттің төменгі тұсында Құрманғазы, Аманат, Балабановка ауылдары орналасқан. Бұл жермен 3,5 млн текше метр су өтеді. Егер гидротехникалық нысан шыдас бермесе, елді мекендерді шайып кетуі мүмкін.

Бұл бөгет былтырғы су тасқыны кезінде бұзыла жаздаған. Сондықтан айналасы нығайтылып, 11 метрге ұзаратын болды. Жоба құны — 78 млн. теңге. Оған су өткізу жүйесі де жаңартылады.

Нұрболат Еркебай, Мердігер ұйым директорының орынбасары:

— Бөгеттің биіктігі Балтық теңізі деңгейінен 73,5 метрге дейін көтеріледі. Біз қазір осы межеге жеттік. Ал ені 17 метр болады. Оған екі қатар плита салынады. Жұмыс 80 пайызға аяқталды. Нысан тамыз айында тапсыралады.

Өңірде соңғы екі жылда көктемде су басуы мүмкін 19 елді мекенге бөгет салынды. Олардың дені Жайық өзенінің Бәйтерек ауданының аумағынан өтетін тұстарында орналасқан.

Марат Молдашев, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

— Жеке меншік қордан 2,9 млрд. теңге бөлінді. Қазір оған 19 бөгет салынды. Топырақ үйінділері былтыр біраз елді мекендерді қорғап қалды. Сондықтан бұл жұмыс қатаң қабылауға алынған.

Көктемгі тасқынға қарсы іс-шаралар облыс орталығында да атқарылып жатыр. Қазір мұнда өзен жағалауы нығайтылу үстінде. Бұл жобаға бір млрд-тан аса теңге бөлінген.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.