Жайық news

БҚО-да полицейлер жүкті әйелді уақытында перзентханаға жеткізуге көмектесті

Сурет: из архива сайта

Батыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері жүкті әйелді алып бара жатқан жұбайларға шұғыл түрде перзентханаға жетуге көмектесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін таңғы сағат 6:30 шамасында Подстепное ауылы маңында қызмет атқарып жүрген БҚО ДП БПП қызметінің инспекторлары Рысбек Агзамов пен Ринат Бигалиевке бір ер адам жүгініп, жүкті әйелін ауруханаға апарып жатқанын, әйелдің толғағы басталғанын айтқан. Полицейлер жағдайды бағалап, уақыт жоғалтпай, көліктің жүруін қамтамасыз етіп, ауруханаға дейін «жасыл дәліз» жасаған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында жұбайлар медициналық мекемеге барынша тез жеткен. Отбасы дәл уақытында келген — көп ұзамай әйел сәби дүниеге әкелген.

«Сол сәтте әр минуттың маңызы зор еді. Полиция қызметкерлері жағдайды бірден түсініп, бізге көмекке келді. Олардың жеделдігінің арқасында ауруханаға уақытында жеттік. Кәсібилігі, жанашырлығы мен адамгершілігі үшін оларға зор алғысымызды білдіреміз. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз», — деп жазған жас әке өз хатында.

Бұл оқиға отбасы үшін полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысының үлгісі ғана емес, сонымен қатар олардың өміріндегі ең маңызды әрі бақытты оқиғалардың бірі — баланың дүниеге келуінің бір бөлігі болды.

Көп оқылғандар