Сурет: Жайық Пресс
БҚО-да «Қарасора-2026» жедел-алдын алу шарасы аясында есірткі өсіру фактісі анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері жедел-алдын алу шарасы кезінде 36 жастағы ер адамды ұстаған.
Оның тұрғылықты жеріне санкцияланған тінту жүргізілген. Тінту барысында үй ауласында өсірілген каннабис тектес үш өсімдік табылып, алынған. Сонымен қатар, гараждан кептірілген каннабис жапырақтары салынған үш қағаз орама, төрт темекі тарту құрылғысы және металл ыдыста сақталған каннабис тұқымдары алынған.
Анықталғандай, ер адам өсімдіктерді үй ауласында өсірген.
Осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Полиция азаматтарды есірткіні заңсыз өсіру, сақтау және таратуға жол бермеуге шақырып, ҚР заңнамасының талаптарын сақтауды ескертеді.
Мазмұнға өту
