Сурет: Egemen Qazaqstan
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және сотталғандарды дерадикализациялау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Теологиялық оңалту нәтижесінде алты сотталған деструктивті діни көзқарастардан бас тартты. Әлеуметтік бейімдеу аясында жеті адам жұмысқа орналасып, біреуі кәсіптік білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, Түркістан облысынан келген имам Арыстан Оспанов сотталғандармен кездесулер өткізді. Мекеменің кітапхана қоры облыстық Дін істері басқармасы рұқсат берген «Тор мен тағдыр: Қайта туған тұлға» кітабымен толықтырылды.
Діни радикализмнің алдын алу және сотталғандарды әлеуметтік оңалту жұмыстары жалғасып, прокуратураның тұрақты бақылауында.
Мазмұнға өту
