Categories Жайық news

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл туралы БҚО әкімдігінің қолдауымен «Ауыл» партиясы ұйымдастырған «AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы» халықаралық фестивалінің форумында айтылды. Биыл екінші мәрте өткізіліп жатқан дәстүрлі іс-шараға аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин, «Ауыл» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев, еліміз бен АҚШ, Қытай, Ресей, Татарстан және өзге де шет мемлекеттердің агросектор өкілдері, ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қой шаруашылығының кешегісі мен келешегі еділбай қой тұқымының отанында талқылануы орынды екенін айта келе, өңірде Президент тапсырмалары жүйелі орындалып жатқанын жеткізді.

— Мемлекет басшысы Ауыл еңбеккерлерінің форумында мал басын еселеу және еліміздің халықаралық нарыққа ет экспорттаушы ірі держава ретінде мәртебесін бекіту туралы нақты міндеттер қойған еді. 2024-2025 жылдары облыс өз қажеттілігін қамтып қана қоймай, Әзірбайжан, Өзбекстан және Иран елдеріне 400 тонна қой еті, 4,2 мың бас тірілей қой экспорттады. Еліміздің өзге өңірлеріне 268 мың бас қой сатылды. Сан да, сапа да маңызды. Аймақта асыл тұқымды қой саны 83 мың бастан асты. Шаруаларды мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі жалғасады, — деді Нариман Төреғалиев.

Жиында қой шаруашылығын цифрландыру, мал тұқымын асылдандыру, заманауи технологияларды енгізу, жүн мен теріні терең өңдеу бағытындағы жобалар таныстырылып, инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды. Арнайы шақырылған мамандар мен форум делегаттары жан-жақты пікір алысып, саладағы озық тәжірибелер үлгі ретінде ұсынылды.

Дәстүрлі фестиваль аясында қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық ойындардан сайыстар өткізіліп, кешкілік концерт ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биыл мемлекеттік кешенді жоспар аясында асыл тұқымды қой сатып алуды 6% мөлшерлемемен қаржыландыруға бағытталған «Береке», «Игілік» және «Жайлау» жаңа бағдарламалары іске қосылды.

 

Ұқсас жазбалар

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…

«AMANAT» БАСТАМАСЫ: С.МЕҢДЕШЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЗАМАНАУИ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРДІ

Жаңақала ауданы Қырқопа ауылы С.Меңдешев ауылдық округіндегі мәдениет үйі бірнеше жыл бойы апаттық жағдайда жұмыс…