Сурет: Egemen Qazaqstan
Еліміздің 232 азаматы «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленді. Ақордада Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Склярдың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Хабарламада айтылғандай, орта есеппен бір орынға бес үміткерден келген. Бұл бағдарламаның ел ішінде жоғары сұранысқа ие екенін және іріктеудің бәсекелі сипатта өткенін көрсетеді.
Стипендия иегерлерінің ішінде 179 адам магистратурада, 12 адам докторантурада, 1 адам бакалавриатта білім алады. Тағы 40 қазақстандық шетелдік ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, 33 азаматқа жетекші шетелдік университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін стипендия бөлінеді.
Бағдарлама отандық ғалымдардың біліктілігін арттыруға, заманауи зерттеу әдістерін меңгеруге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
