Сурет: Egemen Qazaqstan
Индонезия астанасы Джакартада U19 және U23 санаттары бойынша бокстан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы 40 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 11 алтын, 11 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.
Өзбекстан құрамасы 10 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен бірінші орынды иеленді. Үндістан 3 алтын, 5 күміс, 7 қоламен үшінші орында келді. Жапония 1 алтын, 2 күміс, 3 қола, Қырғызстан 2 күміс, 5 қола, Моңғолия 1 күміс, Оңтүстік Корея 5 қола, Индонезия 3 қола, Вьетнам, Бутан, Филиппин, Таиланд, Қатар және Тайпей бір-бір қола медаль алды.
Джакартадағы Азия чемпионатында бұрымды боксшыларымыз үш алтын медаль жеңіп алды. Өзбекстан 11 алтын, 3 күміс, 1 қола, Қазақстан 5 алтын, 4 күміс, 5 қола, Үндістан 2 алтын, 7 күміс, 4 қола, Оңтүстік Корея 1 алтын, 1 күміс, 3 қола, Индонезия 1 алтын, 1 күміс, 2 қола, Жапония 1 күміс, 5 қола, Тайпей 1 күміс, 4 қола, Таиланд 1 күміс, 1 қола, Қырғызстан 6 қола, Вьетнам 4 қола, Тәжікстан 2 қола, Моңғолия, Қатар, Филиппин бір-бір қола медаль алды.
Мазмұнға өту
