Categories Спорт

Бокстан әлем Кубогында екі қола жүлде жеңіп алдық

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан әлем Кубогы кезеңінің жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Бұл сында екі боксшымыз қола жүлдеге қол жеткізсе, үш боксшымыз финалға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Аса ауыр салмақтан 80 келіге түскен Валерия Аксенова жартылай финалда әлем чемпионатының жүлдегері француз қызы Давина Мичелмен айқасты. 3 раундқа жалғасқан бәсекеде тәжірибелі қарсылас жекпе-жекті өз еншісіне жазды. Есеп: 0:5.

Аса ауыр салмақтағы Дина Исламбекова 1/2 финалда Өзбекстанның мықтысы Олтиной Сотимбоевамен биыл үшінші мәрте жолықты. Кезекті айқас Өзбекстан өкілінің пайдасына шешілді. Есеп 0:5.

3 дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай жартылай финалда Таиланд боксшысы Натнича Чонгпронгклангпен кездесті. Алғашқы раунд қарсыластың еншісіне кеткенімен, қалған уақытта отандасымыз шабуылдағы белсенділігін арттырып, таразы басын өз жағына бұра алды. Қорытынды есеп: 3:2.

Әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келіде фаворит саналатын Виктория Графеева 1/2 финалда Өзбекстан боксшысы Ситора Турдибековамен өзара мықтыны анықтады. Отандасымыз 3 раундта да соққы алмасу жағынан дәлдік танытып, төрешілердің есебін өз жағына бұрды. Есеп: 5:0.

Ерлер бәсекесінде әлем чемпионы, 70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда биылғы Азия чемпионы иорданиялық Зейад Ишаишпен жұдырықтасты. Жекпе-жектің екінші раундында дәрігер қарсыластың жарақатына байланысты жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті отандасымызға берді.

Ұқсас жазбалар

Виктор Друзин Әлем кубогының суперфиналында қола жүлдегер атанды

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Виктор Друзин Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының суперфиналында…

Әлем чемпионатының екінші турында 11 гол соғылды

Әлем чемпионатының екінші турында 11 гол соғылып, «А» және «В» топтарында тартысты матчтар өтті.

Футболдан ӘЧ-2026: АҚШ құрамасы Аустралияны 2:0 есебімен жеңді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының D тобында АҚШ құрамасы Аустралияны 2:0 есебімен жеңіп, плей-офф сатысына…