Сурет: Aikyn.kz
Оралда бір отбасында үшем қыз дүниеге келді. Бұған дейін екі бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар үшін бұл сәбилер үшінші, төртінші және бесінші перзент болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ана мен балалардың жағдайы жақсы. Дәрігерлер үшемнің денсаулығына қауіп жоқ екенін айтады. Отбасы қазірдің өзінде көпбалалы атанды.
«Қуанышымызда шек жоқ. Үш қызымыздың келуі – бізге үлкен бақыт», – дейді әке.
Қазір отбасы жаңа туған сәбилерге есім қоюды жоспарлап жатыр. БҚО әкімдігі көпбалалы отбасыға қолдау көрсететінін жеткізді.

