Categories Шартарап

Білім беру ұйымдарының өнерпаздары 1200-ден астам жүлделі орын алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті. Жас музыканттар, балет әртістері, хореографтар және хор ұжымдарының мүшелері республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерде өнер көрсетіп, ұлттық өнер мектебінің абыройын арттырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері түрлі шығармашылық байқауларға 1548 білім алушы қатысып, олардың 1231-і жүлдегер атанды.

«Бұл жетістік – жас өнерпаздардың табанды ізденісі мен ұстаздардың еселі еңбегінің жемісі. Олар классикалық музыка, балет, заманауи хореография, хор, фортепиано және сахна өнерінің өзге де бағыттарында бақ сынап, кәсіби шеберлігін паш етті», делінген ақпаратта.

Жас дарындар Пермь қаласында өткен Екатерина Максимова атындағы XIX «Арабеск-2026» ашық балет әртістері байқауы, Астанада ұйымдастырылған Халықаралық жас хореографтардың фестиваль-байқауы, А.Исакова атындағы XII халықаралық пианистер байқауы, Санкт-Петербургте өткен XI халықаралық балалар мен жасөспірімдер хор чемпионаты, Мәскеуде ұйымдастырылған XII халықаралық «Dance Moscow» жас хореография орындаушылары байқауы және Eurasia Piano Forum алаңында үздіктер қатарынан көрінді.

Ұқсас жазбалар

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді. Келісімге Қазақ ұлттық спорт университетінің ашылу рәсімінде қол…

Қазақ аспаздары Қытайда өткен халықаралық байқауда күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық аспаздар Қытайдың Циндао қаласында өткен «Ас үй патшасы» халықаралық гастрономиялық байқауында күміс жүлдеге ие…

Бас Прокурор Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемдік сарапшы Кай-Фу Лимен кездесті

30 маусым күні Бас прокуратурада маңызды кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов жасанды…