Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Ослода өткен беделді Norway Chess 2026 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Турнирдің аяқталуына бір тур қалғанда Асаубаева жалпы есепте сенімді көш бастап тұрды. Чемпиондық атаққа қол жеткізу үшін оған соңында өкшелеп келе жатқан украиналық қарсыласы Анна Музычуктан бір ұпай артық жинау жеткілікті болды.
Классикалық шахматтағы партия тең аяқталды. Ал армагеддон форматындағы кездесуде Музычук жеңіске жетті. Соған қарамастан, Асаубаева өзіне қажетті бір ұпайды еншілеп, турнирдің соңғы туры басталмай жатып чемпиондық атаққа қол жеткізді.

