Спорт

Бибісара Асаубаева Cairns Cup-та қола жүлдеге ие болды

Сурет: ТСМ

АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен беделді Cairns Cup турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, мықты 10 шахматшы қатысқан додада Қазақстан намысын гроссмейстер Бибісара Асаубаева қорғады. Отандасымыз турнирдегі 9 турдан кейін 5 ұпай жинап, 3-орынға ие болды.

Бибісара Асаубаева (Қазақстан) 5 ұпай.

Сонымен қатар Асаубаева жүлделі орны үшін ұйымдастырушылардан сыйақы ретінде 35 мың АҚШ долларын алады.

Көп оқылғандар