Шартарап

Бибісара Асаубаева беделді шахмат турнирінің ширек финалына шықты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Women’s Speed Chess Championship онлайн турнирін сәтті бастап, Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамованы сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

1/8 финалдық кездесуде қазақстандық гроссмейстер қарсыласынан үш ойын кезеңінің барлығында басым түсті. Алдымен уақыт бақылауы 5+1 болатын блицте Асаубаева 3,5:1,5 есебімен жеңіске жетті. Кейін 3+1 форматындағы кездесуде 4:1 есебімен басымдық танытты.

Матчтың қорытынды бөлігінде, яғни 1+1 уақыт бақылауымен өткен пуля форматында да қазақстандық шахматшы қарсыласын 3:1 есебімен ұтып шықты. Осылайша, Бибісара Асаубаева беделді Women’s Speed Chess Championship турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Көп оқылғандар