Спорт

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде қатарынан үшінші рет тең түсті

Сурет: sportarena.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-та өтіп жатқан жарыста қатарынан үшінші рет тең ойнады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сент-Луис қаласында Cairns Cup 2026 супертурнирі өтуде. Алтыншы рет ұйымдастырылып отырған бәсекенің үшінші турында Асаубаева FIDE рейтингінде 39-орындағы америкалық Элис Лимен кездесті.

Қазақстан гроссмейстері қарамен ойнап, партияны тең аяқтады. Жүлде қоры — 250 мың доллар.

Бірінші турда ол қарамен украиналық Анна Музичукпен, екінші турда ақпен үндістандық Рамешбабу Вайшалимен тең түсті.

Үш турдан кейін Тань Чжунъи (Қытай) 2,5 ұпаймен көш бастап тұр. Дивья Дешмух (Үндістан) 2 ұпай жинады. Асаубаева, Музичук және Ставрула Цолакиду (Грекия) 1,5 ұпайдан алды. Конеру Хампи мен Вайшали Рамешбабу (екеуі де Үндістан) 1 ұпайдан, Александра Костенюк (Швейцария) 0 ұпай.

Асаубаеваның келесі қарсыластары: 13 тамызда Ставрула Цолакиду, 14 тамызда Хампи Конеру, 16 тамызда Тань Чжунъи, 17 тамызда Карисса Йип, 18 тамызда Дивья Дешмух, 19 тамызда Александра Костенюк.

Бұған дейін ол 15–27 қыркүйекте Самарқандта өтетін 46-Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында ел намысын қорғайтынын мәлімдеген. Биыл Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Көп оқылғандар