Басты тақырып

Бет-әлпетті жасырған 1100-ден астам адам жауапқа тартылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын киім кигендерді анықтауды жалғастырып жатыр. Биыл 1 100-ден астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізілген. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салу – заңдық нормалардың бірі.

«Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыру – құқық бұзушылық. Біз бұл бағыттағы жұмысты күшейттік», – деді ІІМ ресми өкілі.

Полиция қызметкерлері күнделікті рейдтер өткізіп, тыйым салынған киім кигендерді анықтайды. Тек бірнеше айдың ішінде 1 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көп оқылғандар