Сурет: Instagram
Англияның «Бернли» клубы Instagram-дағы парақшасында жақында ғана өз қатарына қосылған Қазақстан ұлттық құрама командасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев туралы пікір қалдырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде: «Dastan Satpayev becomes the first player from Kazakhstan to represent Burnley», деп жазылған. Оны қазақшаға аударсақ былай болады: «Дастан Сәтпаев Қазақстаннан «Бернли» сапында өнер көрсететін алғашқы ойыншы атанды».
Бұл жазба «Бернлидің» Instagram парақшасында бір сағат бұрын жазылған. Қазір оған есепсіз лүпілдерді санамағанда 7 мыңнан аса комментарийлер жазылыпты.
Жақында Дастан Сәтпаевтың өзі «Бернли» клубы туралы пікір білдірген еді. Ол жаңа командаға бейімделіп, жаңа ортаға үйрену оңай болып жатқанын, клубты Премьер-лигаға шығару үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасайтынын айтты.
Чемпионшип – Англияның футбол лигалары жүйесіндегі екінші деңгейлі дивизион, яғни ол Премьер-лигасынан кейінгі лига.
Мазмұнға өту
