Премьер-министр Олжас Бектенов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов соғыс жылдарында қаза тапқандарды еске алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – Жеңіс күні қарсаңындағы дәстүрлі шара. Лауазымды тұлғалар Отан қорғаушылар алаңына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
«Біз батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Олардың ерлігі – ұрпаққа үлгі», – деді Олжас Бектенов.
Шараға ардагерлер мен жастар да қатысты. Еске алу шарасы еліміздің барлық өңірінде өтті.

