Сурет: Ауыр атлетика федерациясы
Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионатының екінші күні өтіп жатыр. Қазақстандық Бейбарыс Ерсейіт 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, спортшы жұлқа көтеру және қос сайыс бойынша екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл нәтижелер екі Азия рекордын жаңартты.
Ерсейіттің көрсеткіштері: жұлқа көтеру – 129 кг, серпе көтеру – 152 кг, қос сайыс қорытындысы – 281 кг.
Осылайша, ол өз салмақ дәрежесінде үздік атанып, құрлықтың ауыр атлетика тарихында өз есімін қалдырды.
Мазмұнға өту
