Сурет: portaktau.kz
Бауыржан Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол 1970 жылғы 22 қазанда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Тасымалдау үдерістерін басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Батыс Қазақстан темір жолында қызметкер болып бастаған.
Тағайындалғанға дейін Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директоры (2022 жылғы қаңтардан бастап) қызметін атқарған.
Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылған болатын.
Мазмұнға өту
