Жайық news

Батыс Қазақстанда 29 мамырда жаңбыр жауып, үсік жүреді

Сурет: Aikyn.kz

29 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы тұрақсыз болады. Күндіз оңтүстік пен шығыс аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендеп, жер бетінде үсік жүруі мүмкін. Күндізгі температура 15-20 градус жылы болады.

«Егістік алқаптары мен бау-бақша иелеріне сақ болу керек. Үсік жүретін болғандықтан, өсімдіктерді қорғау шараларын қабылдаған жөн», – дейді облыстық гидрометеорология орталығының мамандары.

Жел бағыты оңтүстік-батыстан соғады, күші секундына 9-14 метр. Кей жерлерде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа райының бұл өзгерісі әсіресе егістік жерлерге зиян келтіруі ықтимал.

Көп оқылғандар