Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы  

Ардақты аналар мен аяулы арулар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – мейірім мен махаббаттың, сұлулық пен ізгіліктің айрықша символы. Әйел – шаңырақтың шырағы ғана емес, қоғам дамуының қозғаушы күші. Сіздер әлемге жылулық пен жарасым сыйлап, жақын жандарыңызды махаббатқа бөлейсіздер. Аяулы аналарымыз өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, оларды еңбекқор, білімпаз болуға тәрбиелейді.

​Бүгінде әйелдер қауымы өндірісте, шығармашылық жолында, саясат, бизнес және басқа да көптеген салада биік белестерді бағындырып келеді. Сіздердің берекелі бастамаларыңыздың арқасында жаңа жобалар жүзеге асып, аймағымыздың әлеуеті нығая түсуде.

Аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі. Тәуелсіз елімізде отбасы институтының өркендеуіне, көпбалалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдауға, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге басымдық беріліп келеді.

Айтулы күнде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Көктемнің шуақты лебі әр шаңыраққа қуаныш пен береке әкелсін!

@nariman_turegaliyev

Ұқсас жазбалар

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.